Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

OZEN — 6 айға бөліп төлеу картасы. Бүкіл әлем бойынша барлық сатып алуларға

main image

Жеткізумен ресімдеңіз

Консультант хабарласып өтініміңізді қабылдайды.

Home Credit Bank ұсынған OZEN бөліп төлеу картасын ашып, кофеден бастап техника мен саяхатқа дейін 6 айға бөліп төлеуге сатып алыңыз

  1. Картаны үйге жеткізумен немесе банктің кез келген бөлімшесінде ашыңыз
  2. Мобильді қосымшаны жүктеп, картаны белсендіріңіз
  3. Әлемнің кез келген нүктесінде қалаған затыңызды 6 айға бөліп төлеуге сатып алыңыз
3a3f2a0d6cfe8368faffdc7eb920bced@4x.webp

Лимиттер

Қызмет көрсетудің жалпы лимиті5 500 000 ₸
АТМ-дегі қолма-қол операциялар лимиті1 000 000 ₸
АТМ-дегі қолма-қол операциялар санының лимиті99
Сауда-сервистік кәсіпорындардағы қолма-қол ақшасыз операциялар лимиті2 000 000 ₸
Сауда-сервистік кәсіпорындардағы қолма-қол ақшасыз операциялар саны лимиті99
ЕДБ кассаларындағы POS-терминалдардағы қолма-қол ақшалай операциялар лимиті5 000 000 ₸
ЕДБ кассаларындағы POS-терминалдардағы қолма-қол ақшалай операциялар саны лимиті10
Интернет желісіндегі операциялар лимиті500 000 ₸
Интернет желісіндегі операциялар саны лимиті99
* лимиттерді Банктің мобильді қосымшасында немесе 7373 нөмірі бойынша өзгертуге болады.


 

Карточка шарттары мен лимиттері

 

Карточка шарттары:

Әлемдегі барлық банкоматтардан қолма-қол ақша алу0 ₸
Ақша аударымдары0 ₸
Қолма-қол ақшаны касса, POS терминалдар арқылы алу0 ₸
Тауарлар мен қызметтерді төлеу0 ₸
Мобильді қосымшадағы төлемдер0 ₸
АТМ-де балансты сұрау үшін комиссия50 ₸
Карточканы бұғаттау/бұғаттан шығару үшін комиссия0 ₸
Карточкаға ай сайынғы қызмет көрсету үшін комиссия0 ₸
Қолма-қол ақшаны алу және аударымдар үшін сыйақы мөлшерлемесі36% (айына 3%), СЖТМ - 42,6%

*Қосымша шарттар:

Операция (бөліп төлеу) бойынша шарттар келесі жағдайларда қолданылмайды:

  1. Клиенттің борыштық жүктемесінің коэффициенті «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына сәйкес айқындалған кезде кредит шартын жасасу кезінде;
  2. кассаларда/терминалдарда/банкоматтарда қолма-қол ақшамен кредиттік лимит есебінен ақша алу операцияларына;
  3. ақша аудару операцияларына;
  4. мобильді қосымшада ұялы байланысты төлеу операцияларына;
  5. Банкке комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеу операцияларына;
  6. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда үшінші тұлғалардың шотынан ақша қаражатын алуға байланысты операцияларға.
  7. мобильді қосымшада букмекерлік қызметтер төлеміне.

Пайдалы ақпарат

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен маңызды құжаттар

Бөліп төлеу картасы бойынша төлемді қай күннен кешіктірмей енгізу керек?

Бөліп төлеу картасы бойынша төлем өтеу кезеңінде, бірақ 4, 14 немесе 24-ші күннен кешіктірілмей өтеледі. Әр клиент үшін өзінің өтеу мерзімі анықталады.

Бөліп төлеу картасының шотына қарыз сомасынан көп соманы енгізуге бола ма?

Иә, сіз қарыздан артық соманы енгізіп, оны кейін өз қаражатыңыз ретінде пайдалана аласыз.

Home Credit Bank қандай кредит карталарын ұсынады?

Özen бөліп төлеу картасы:

  • Кредиттік лимит 20 000 ₸-ден 2 000 000 ₸-ге дейін
  • Бүкіл әлем бойынша барлық сатып алуларға 6 айға бөліп төлеу
  • Әлемнің кез келген банкоматтарынан комиссиясыз ақша алу
  • Касса, POS терминалдар арқылы ақша алу комиссиясыз
  • Аударымдар банктің мобильді қосымшасында комиссиясыз
  • Картаға ай сайынғы қызмет көрсету үшін комиссия — 0 ₸

Özen бөліп төлеу картасын алуға қандай талаптар бар?

Жасы: әрекеттегі клиенттерге 21 жастан бастап (жаңадан келген клиенттерге 22 жастан бастап) 63 жасқа дейін (қоса алғанда).

Кредит картасы кредитті өтеу үшін жеткілікті ресми табысы бар ҚР азаматтарына беріледі.

Ресімдеу үшін ЖСН бар жеке куәлік жеткілікті

Özen бөліп төлеу картасын қалай алуға болады?

Картаны ашуға өтінімді келесі жолдармен беруге болады:

  • мобильді қосымшада
  • банктің ресми сайтында
  • банк бөлімшесінде
  • біздің серіктестеріміздің сауда нүктелерінде

Özen бөліп төлеу картасын қалай белсендіруге болады?

Мобильді қосымшада Özen бөліп төлеу картасын ашқаннан кейін ол Басты бетте пайда болады. Картаны басып, «Операциялар» блогында «Карточканы белсендіру» батырмасын басу керек

Мобильді қосымшада Özen бөліп төлеу картасынан жеткізушілердің қызметтері үшін төлем жасауға бола ма?

Иә, болады. Қызметтер құны бөліп төленеді. (Мобильді байланыс қызметтері мен букмекерлік қызметтер үшін төлемдерден басқа).

Özen бөліп төлеу картасынан аударымдар жасауға бола ма?

Иә. Кредит карточкасынан аударымдар жасау банк ішінде және Қазақстанның басқа банктерінің карточкаларына қолжетімді. Қолма-қол ақша алу және аударымдар жасау үшін сыйақы мөлшерлемесі – 36%, СЖТМ – 42,6%, айына сыйақы – 3%.

Ай сайынғы төлем (минималды төлем) сомасын қалай білуге болады?

Ай сайынғы төлем сомасын келесі жолдармен білуге болады:

1) мобильді қосымшаның «Кесте» бөлімінде;
2) Банктен келетін SMS-хабарлама арқылы;
3) 7373 нөміріне қоңырау шалу арқылы.

Ozen бөліп төлеу картасымен интернет арқылы төлем жасауға бола ма?

Иә, Ozen бөліп төлеу картасын интернет арқылы төлем жасау үшін пайдалануға болады. Карта сіздің операцияларыңыз бен ақшаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 3D Secure технологиясымен жабдықталған. Технология динамикалық (бір реттік) құпиясөз түрінде қолданылады.

Интернет арқылы операциялар жасаудың тәуліктік лимиті 500 000 теңгені құрайды.

Лимитті мобильді қосымшада «Операциялар» бөлімінде немесе 7373 нөміріне қоңырау шалу арқылы өзгертуге болады.