Кредит дегеніміз не?
Кредит — бұл банк немесе басқа кредитор қарыз алушыға мерзімділік, қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде беретін қарыз. Яғни бұл ақшаны белгілі бір мерзімде пайызбен қайтару керек. Барлық шарттар кредит шартында толық жазылған.
Кредитор ретінде пайызбен кредит беретін кез келген адам немесе компания болуы мүмкін. Бірақ көбінесе кредиттерді банктер береді. Олар Ұлттық Банктің негізгі мөлшерлемесін, кредит нарығындағы жағдайды ескере отырып, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені дербес түрде белгілейді. Әрбір клиент үшін банк жеке шарттарды қалыптастырады. Ол қарыз алушынының өзін, оның кредитттік тарихын, кірісін, отбасылық жағдайын және т.б. мәліметтерді тексереді. Бұл процесс скоринг жүйесінде автоматты түрде жасалынады. Егер қарыз алушы сенімсіз болып көрінсе, банк мөлшерлемені көтеруі және керісінше, егер клиент берешектерді уақытында өтеп, жалақыны және жинақ ақшаны банкте сақтаса, мөлшерлемені төмендетуі мүмкін.
Тұтынушылық кредиттер қолма-қол ақшамен беріледі немесе картаға аударылады. Ақшаны кез келген мақсатқа жұмсауға болады. Ал мақсатты кредиттер шартта белгіленген нақты мақсатқа, мысалы, үй (ипотека) немесе көлік сатып алу үшін беріледі. Егер қарыз алушы ақшаны басқа нәрсеге жұмсаса, бұл шартты бұзу болып саналады. Сондықтан көбінесе ақша қарыз алушының өзіне берілмей, бірден сатушыға аударылады. Кредиттің бұл түріне ипотека, автокредит жатады.
Бөліп төлеу дегеніміз не?
Бөліп төлеу — бұл тауарды сатып алудың бір жолы. Бұл жағдайда тауарды белгілі бір мерзім ішінде бөліп төлеуге сатып алуға болады. Бөліп төлеу кезінде пайыздар есептелмейді: оны ресімдеу үшін қосымша ақша төлеудің қажеті жоқ.
Бұл процесс келесідей болады. Мысалы, Арлан IPhone-ды 450 мың теңгеге сатып алғысы келеді. Бірақ мұндай соманы бірден төлеу қиын болуы мүмкін. Сондықтан ол бөліп төлеуді ресімдейді: смартфонның құны бес төлемге бөлінеді, әрқайсысы 90 мың теңгені құрайды: бірінші төлемді сатып алушы сатып алу кезінде, ал қалған төртеуін әр екі апта сайын төлейді.
Бөліп төлеуді ұсынған кезде тараптар арасында шарт жасалады: онда тауардың немесе қызметтің жалпы құны, төлемдердің саны мен сомасы, сондай-ақ ақшаны енгізу мерзімі мен тәртібі жазылады. Сатып алушы тауардың толық құнын төлегеннен кейін ғана оның иесі болады.
Бөліп төлеуді компанияның өзі де ұсынуы мүмкін. Бұл жағдайда ол сізге тауар үшін бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Жиһазды, зергерлік бұйымдарды жасайтын көптеген шеберханалар бөліп төлеуді ұсынады. Әдетте тапсырысты ресімдеу кезінде 50% енгізіліп, қалған бөлігі тапсырыс дайын болған кезде төленеді. Балаларға арналған үйірмелер, білім беру саласында жұмыс істейтін бизнес және спорт секциялары да ұқсас тәсілді қолданады: клиент алдын ала төлем жасап, ай сайын белгілі бір соманы төлеп отырады.
Бірақ сатушы компания бөліп төлеуді сирек ұсынады. Өйткені онда тәуекел деңгейі жоғары: клиент төлем жасамаса, компания пайда көрмейді. Себебі тауарды қайтару, сотқа жүгіну қиын болуы мүмкін. Сондықтан көбінесе дүкендер мен басқа компаниялар банк немесе микроқаржы ұйымы арқылы бөліп төлеуді ұсынады.
Банк ұсынатын бөліп төлеу: ерекшеліктері
Банк немесе МҚҰ ұсынатын бөліп төлеу — бұл кредиттік тарихта көрінетін жасырын кредит. Бірақ мұнда ешқандай қулық жоқ. Оны мысал ретінде қарастырып көрейік:
— Арлан 450 мың ₸ тұратын смартфонды бөліп төлеуге ресімдейді. Банк пен дүкен өзара келіседі: банк смартфонды Арлан үшін сатып алуды ұсынады, бірақ дүкен оған жеңілдік жасайды. Нәтижесінде банк смартфонды төмендетілген бағамен, мысалы, 320 мың теңгеге сатып алады.
- Арлан бұл туралы ештеңе білмейді. Қарыз банк жағында қалса, онда Арлан оған 450 мың ₸, яғни телефонның өзі үшін 320 мың ₸ және 80 мың ₸ пайыз ретінде төлейтін болады.
Бұл нұсқа барлық тараптар үшін тиімді болып табылады. Бөліп төлеуді ұсыну арқылы дүкеннің сатылымдары өседі, банк өз пайызын алады, ал сатып алушыға тиімді шарттар ұсынылады. Сондай-ақ сатып алушы артық төлемей, көрсетілген баға бойынша тауар сатып алады.
Назар аударыңыз: кейде дүкендер банк пайызын өтеу үшін тауардың бағасын көтереді. Сондықтан бағаларды алдын ала әртүрлі дүкендерде салыстырған жөн. Кейде артық төлемес үшін бөліп төлеуден бас тарту тура келеді. |
Кредиттің бөліп төлеуден қандай ерекшеліктері бар?
Негізгі айырмашылықтар кестеде келтірілген.
Бөліп төлеу | Кредит | |
Артық төлем | Жоқ: Сатып алушы көрсетілген соманы төлейді. | Бар: банк кредит береді, ал қарыз алушы оны пайызбен қайтаруы керек. |
Сомасы және мерзімі | Тұрмыстық техника, электроника, жиһаз және құрылыс материалдары, білім беру курстары мен саяхаттар бөліп төлеуге жиі сатып алынады. Сондықтан бөліп төлеу сомасы үлкен емес. Оның мерзімі — бір жылға дейін, кейде — 36 айға дейін. | Кредит көбінесе ірі сатып алуларды жасау үшін алынады. Оларға пәтер, көлік және т.б. сатып алу жатады. Сондықтан кредит мерзімі мен сомасы әлдеқайда жоғары болады. Мысалы, ипотека мерзімі — 30 жылға дейін, ал тұтынушылық кредит мерзімі — 10 жылға дейін. |
Ресімдеу | Қажетті құжаттар – ЖСН бар жеке куәлік. Бөліп төлеу көп адамдарға беріледі. | Күрделі процесс: банк қарыз алушыны және оның кредиттік тарихын мұқият тексереді, кірісті растауды немесе басқа құжаттарды ұсынуды сұрауы мүмкін. |
Оны қайда жұмсауға болады? | Тек нақты тауарға төлеу үшін. | Мақсатты кредит тек нақты бір нәрсені төлеу үшін беріледі. Ал тұтынушылық кредитті кез келген мақсатқа алуға болады. |
Бөліп төлеуге тек дүкендердегі белгілі тауарлар мен кейбір қызметтерді сатып алуға болады. Ал Home Credit Bank OZEN бөліп төлеу картасын ұсынады. Лимит — 2 млн ₸ дейін. Оны пайдаланып кофеден бастап саяхаттарға дейін сатып алуға болады. Ақшаны 6 ай ішінде қайтару қажет.
Картаны ресімдеу. |
Сонда қайсысын таңдаған дұрыс?
Мұның бәрі жағдайға байланысты болады. Мысалы, сізде тоңазытқыш сынса, жаңа тоңазытқышты бірден сатып алу керек. Бұл қымбат техника. Сонда қай нұсқа тиімді? Егер бастапқы жарна бар болса,
- бөліп төлеуді ресімдеуге болады. Егер жоқ болса, онда кредит алуға тура келеді.
- Бөліп төлеу бойынша ыңғайлы төлем. Мысалы, сіз 1,5 млн ₸ тұратын тоңазытқышты таңдасаңыз, 6 айға бөліп төлеу кезінде ай сайынғы төлем 250 мың ₸ болады. Бұл үлкен сома. Бірақ кредит мерзімін бір, екі немесе бес жылға дейін арттырып, төлем сомасын төмендетуге болады.
Қорытынды
Сатып алу сомасы қолда болса, бүкіл соманы бірден төлемей, бөліп төлеуді таңдау тиімді болады. Ал ақша жеткіліксіз болса, кредит таңдаған дұрыс.