Бизнес
9 минут

Шағын бизнеске банктен кредит алу мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Шағын бизнеске банктен кредит алу мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

 

 

Бизнесіңіздің өсуі үшін әдетте қосымша қаржы қажет болады. Кредиттеу — бұл бизнесіңді дамытуға, құрал-жабдық сатып алуға немесе айналым қаражатын уақытында толықтыруға көмектесетін қалыпты және тиімді құрал. Алайда көптеген кәсіпкерлер үшін қаржыландыруды алу процесі күрделі және түсініксіз болып көрінеді. 

Бұл материалда біз банк қаражат беру туралы қалай шешім қабылдайтынын көрсетеміз. Кредиттің мақұлдануы — бұл лотерея емес, бұл дұрыс дайындық пен бизнес пен банктің ашық әрі адал коммуникациясының логикалық нәтижесі. 

Кредит менеджері шын мәнінде нені бағалайды?

Бұл бөлім банктің шешім қабылдау «логикасын» түсіндіріп, алдын-ала қалыптасқан теріс пікірді жояды. Банк те, кәсіпкер сияқты, бизнесіңіздің табысқа жетуін қалайды. Қаражат бөлмес бұрын қаржы институты бизнес тұрақты түрде қызмет көрсетіп, қарызды қайтаруға қабілетті екенін тексеруі тиіс. 

Бұл — кредит мақұлдануына ең көп әсер ететін негізгі фактор. Банктің логикасы қарапайым: ол тәуекелді бағалап, инвестицияның қайтарымдылығын көруі тиіс. 

Компанияның қаржылық жағдайы

Негізгі көрсеткіш — бұл тұрақты ақша ағымы (cash flow). Кредит маманы сіздің шоттарыңыздағы айналымдарды талдап, ақша түсімінің тұрақтылығын, табыстылығын және кәсіпкерліктің маусымдық ерекшеліктерін бағалайды. 

Банк үшін аса үлкен емес, бірақ тұрақты әрі болжанатын кіріс көбіне үлкен, бірақ кассалық алшақтығы бар әрі сирек түсетін табыстан гөрі тартымды болып көрінеді. 

Түсінікті мақсат және нақты жоспар

«Қаржы бизнестің дамуына қажет» деген тұжырымның мағынасы аналитик үшін аса үлкен болмайды. Оған қарағанда «қаражат есептеулерге сәйкес өндірісті 30%-ға арттыратын екі жаңа білдек сатып алуға қажет» деген ұжырым дұрыс болады. 

Банк шағын бизнеске сұралған кредиттің компанияға қалай қосымша табыс әкелетінін көргісі келеді. Нақты жоспар сіздің өз бизнесіңізді және қаржыландырудың маңызын түсінетініңізді көрсетеді. 

Бизнес иесінің және компанияның беделі

Банк тек компанияның (бар болса) ғана емес, оның құрылтайшыларының немесе иесінің кредиттік тарихына да назар аударады. Бұл жалпы қаржылық тәртіп пен жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші болып табылады. 

Бұл әсіресе жеке кәсіпкер ретінде кредит алу мәселесі туындаған кезде маңызды, өйткені бұл меншік нысанында бизнес пен жеке тұлға заңды және қаржылық тұрғыдан тығыз байланысты. 

Өтініш беруге дайындық: сандармен дәлелдеу

Сәтті өтінім банкке барудан әлдеқайда бұрын басталады. Құжаттарды дайындауды бюрократиялық міндет деп емес, бизнесіңізді жүйелеу мүмкіндігі ретінде қабылдаңыз. Банк үшін құжаттардағы тәртіп — бұл компаниядағы істердің реттелгенін көрсететін нақты белгі. 

Қаржылық есеп – сіздің басты артықшылығыңыз

Қай құжаттардың бизнеске кредит алу үшін маңызды екенін түсіну өте маңызды. Бұл сіздің төлем қабілетіңізді дәлелдейтін негіз. 

Ағымдағы салық есептілігі, ішкі басқармалы есептер (егер жүргізілсе) және, әрине, банктік үзінді көшірмелер – бұның барлығы толығымен, дұрыс және сұрау бойынша ұсынылуға дайын болуы тиіс. 

Кредит мақұлдау алдында банк компанияны дерекқорлар арқылы міндетті түрде тексереді. Салықтар мен басқа міндетті төлемдер бойынша қарыздың болмауы, дұрыс заңдық мәртебе, барлық қажетті лицензиялар мен рұқсаттардың болуы (егер қызмет түрі оларды талап етсе) негізгі талаптарға жатады. 

Кез келген сәйкессіздік немесе қызметтің тоқтатылуы өтінімді қарастыруға кедергі келтіруі мүмкін. 

Кредит мақұлдану мүмкіндігін төмендететін жиі кездесетін қателіктер

Показ изображения imageArticle

Тіпті табысты бизнеске кейде дайындық кезеңінде жасалған қарапайым қателіктердің салдарынан кредит беруден бас тартылады. Біз, Home Credit Bank, клиенттеріміздің табысқа жетуіне көмектескіміз келеді, сондықтан қаржыландыру алуға кедергі келтіретін ең жиі кездесетін қателіктер туралы алдын ала хабарлағымыз келеді. 

Түсініксіз кірістер және көрінбейтін есеп

Бұл ең негізгі және жиі кездесетін қателік. Кәсіпкер бизнес миллиондап табыс әкеледі деп сендірсе де, банк тек ресми түрде, яғни банктік шоттар мен салық есептілігінен көретін кірісті бағалай алады. 

Егер айналымның көп бөлігі көрінбесе, тіпті бизнес шын мәнінде пайда әкелсе де, банк нақты төлем қабілеттілігін растай алмайды. 

Бизнес-жоспардағы қателіктер және көтеріңкі күтілетін болжамдар

Өз мүмкіндіктеріңіз бен қажеттіліктеріңізді шынайы бағалау маңызды. Егер сұралған кредит сомасы компанияның ағымдағы жылдық айналымынан бірнеше есе көп болса, бұл сұрақтар туындатады. 

Сонымен қатар егер бизнес-жоспар (тек мақсатты кредит үшін болса да) бизнестің өсуіне қатысты шындыққа сәйкес келмейтін болжамдарды қамтитын болса, банк басқарудың біліктілігіне күмәнданады. 

«Соңғы сәтте» өтінім беру және кепілдің болмауы

Соңғы сәтте «ақша қажет» деп айту дұрыс емес. Асығыстық құжаттардағы қателіктерге және мақсатты дұрыс жеткізе алмауға әкеледі. 

 

Сонымен қатар сіздің бизнесіңіз кепіл ретінде нені ұсына алатынын алдын ала ойлап қою керек. Көптеген бизнес-кредиттеу түрлері үшін өтімді кепілдің болуы стандартты талап болып саналады және кредит мақұлдану мүмкіндігін едәуір арттырады. 

 

Негізгі ой: банк пен кәсіпкер – қарсыластар емес, серіктестер. Банк өз ісін дамытып, қарызды қайтара алатын сенімді қарыз алушыға кредит беруге мүдделі. 

Қаржыландыру алудың табысы үш нәрсеге сүйенеді: түсінікті қаржылық есеп, нақты әрі шынайы мақсат, сондай-ақ заңдық қиындықтардың болмауы. 

 

Иә, дайындық уақыт пен күшті талап етеді, бірақ ол толықтай ақталады – бизнесіңізге жаңа деңгейде өсуге жол ашады. Home Credit Bank мамандары әрдайым бұл процесс туралы кеңес беруге және сізге қажетті өнімді таңдауға көмектесуге дайын. Барлық операцияларды Home Credit Bank Business-тің бір шоты арқылы жүргізу қаржылық есептілікті әлдеқайда жеңілдетеді. 

 

Біз үнемі кәсіпкерлерге қаржыны басқаруға және бизнесті сенімді дамытуға көмектесетін практикалық кеңестермен бөлісеміз. Толығырақ ақпарат алу үшін Home Credit Bank блогын оқыңыз. 

FAQ (Жиі қойылатын сұрақтар)

Сұрақ: Мен жеке кәсіпкермін, менде «көрінбейтін» бухгалтерия жоқ, бірақ айналымдарым аз. Маған кредит беріле ме? 

Жауап: Айналым көлемі — жалғыз фактор емес. Банк үшін ақша ағымының тұрақтылығы және нақты мақсат та маңызды. Егер сіз үлкен емес, бірақ тұрақты кірісті көрсете алсаңыз және шағын бизнеске кредит қалай қосымша табыс әкелетінін нақты жоспармен дәлелдей алсаңыз (мысалы, жаңа құрал-жабдық сатып алу), сізге кредит берілу мүмкіндігі жоғары болады. 

 

Сұрақ: Банк үшін не маңыздырақ – жақсы кредиттік тарих, әлде кепілдің болуы? 

Жауап: Екеуі де әртүрлі, бірақ бірдей маңызды факторлар. Кредиттік тарих сіздің қаржылық тәртібіңізді және сенімділігіңізді көрсетеді. Кепіл – бұл банк үшін тәуекелді төмендететін қамтамасыз ету. Екеуінің де болуы кредит мақұлданы мүмкіндігін әжептеуір арттырады. Кепіл болмаса да, мықты қаржылық көрсеткіштерді ұсынуға болады, бірақ нашар кредиттік тарихты түзету әлдеқайда қиын. 

 

Сұрақ: Бизнеске кредит алу үшін қандай құжаттарды бірінші кезекте дайындау қажет? 

Жауап: Ең алдымен өзіңіздің нақты қызметіңізді және кірістеріңізді растайтын құжаттардан бастаңыз. Бұған ағымдағы банктік үзінді көшірмелер, салық есептілігі және басқармалы есеп (жүргізілсе) жатады. Сонымен қатар салық қарыздарының жоқтығына және барлық қажетті лицензиялардың бар екеніне көз жеткізіңіз. Толық және реттелген құжаттар пакеті өтінімнің қарастырылуын едәуір жылдамдатады. 

image
Мария Бондарева

Танымал өнімдер мен қызметтер