Артықшылықтары
6%-ға дейін кэшбек
Төлем жасап, 6%-ға дейін кэшбек алыңыз
Тауарлар мен қызметтерді «ДОС» картасымен төлеп, Сіз кэшбектен 6%-ға дейін айтарлықтай үнемдейсіз. Кешбэк келесі түрде есептеледі:
1% – әрбір төлемге;
2% – саяхат, киім-кешек, қызметтер мен тауарларды онлайн төлеу;
3% – АЖҚС, мейрамханалар, кафелер;
4% – ойын-сауық және фитнес;
5% – денсаулық (Дәріханалар, медициналық қызметтер мен мекемелер);
+1% – Демалыс күнгі төлемдерге (сенбі және жексенбі).
Кешбэк 50 000 теңгеге дейінгі (қоспағанда) қолма-қол ақшасыз транзакцияларға есептеледі, бұл ретте мобильді қосымшада жүргізілген операциялар үшін берілмейді. Назар аударыңыз: кешбекті ақша қаражатына оңай айырбастауға болады. Қызмет Банк Хоум Кредиттің мобильді қосымшасында қолжетімді.
Кредиттік лимит сомасы - 2 000 000 теңгеге дейін
Ақша әрдайым өзіңізбен бірге
Кредиттік лимит жаңартпалы негізде ұсынылған. Банкке ақша қаражатын қайтарғаннан кейін Сіз оны қайта пайдалана аласыз. Қарызды бір рет ресімдеп, оны бірнеше рет пайдалануға болады.
5 айға дейін икемді бөліп төлеу
Шарттар әрбір клиент үшін тиімді
Икемді бөліп төлеу – Сізге ыңғайлы режимде төлем жасауға мүмкіндік береді. Сіз тауарды/қызметті қазір сатып аласыз да, ақшасын пайызсыз және 5 айға дейін бөліп төлейсіз. Бөліп төлеу 50 000 теңгеден жоғары сомаға тауарларды/қызметтерді төлеу кезінде қолма-қол ақшасыз транзакциялар үшін қолжетімді. Аз сомаға сатып алу кезінде 62 күнге дейін ең ұзақ жеңілдікті кезең және ыңғайлы кэшбэктер қарастырылған.
Тегін аударымдар
Ақшаны ҚР басқа банктерінің карталарына бірнеше рет басу арқылы аударыңыз
Ақшаны «ДОС» карточкасынан ҚР басқа банктерінің карталарына немесе Банк Хоум Кредиттегі басқа шоттарға мобильді қосымша арқылы комиссиясыз аударыңыз.
Комиссиясыз қолма-қол ақша алу
Әлемнің кез келген нүктесінде қолма-қол ақшаны комиссиясыз алыңыз
Сіз бүкіл әлем бойынша қолма-қол ақшаны шектеусіз сомада ала аласыз. Банк Хоум Кредит әлемнің бірде-бір банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін комиссия алмайды.
Сұрақтар мен жауаптар
Банк Хоум Кредит Клиенттерге қандай кредит карталарын ұсынады?
«ДОС» және «Сулпак ко-брэнд» кредит карточкалары
Кредит карточкасын алу үшін қандай талаптар қойылады?
1) Клиенттің жасы – ағымдағы клиенттер үшін 21 жастан бастап (жаңа клиенттер үшін 22 жастан бастап) 63 жасқа дейін (қоса алғанда);
2) кредит карточкасы кредитті өтеу үшін жеткілікті ресми табысы бар ҚР азаматтарына беріледі;
3) шартты ресімдеу үшін жеткілікті, Клиент ұсынуы тиіс міндетті құжаттардың тізімі:
- жұмыс істейтін клиенттер үшін – ЖСН көрсетілген жеке куәлік;
- зейнеткерлер үшін– жеке куәлік және зейнеткер куәлігі (әйелдер үшін 59 жасқа дейін, ерлер үшін 63 жасқа дейін), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген зейнетақы төлемдерінің болу фактісін растайтын анықтама;
- әскери қызметшілер үшін – жеке куәлік және әскери билет немесе ІІМ/ҰҚК қызметтік хабарламасы немесе табысы туралы анықтама.
28.09.2019 ж. дейін ресімделген «ДОС» кредит карточкасының артықшылығы неде?
Кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия - 0 тг (Банк Хоум Кредит комиссия есептемейді)
5%-ға дейін кэшбэк (бонус)
бүкіл әлем бойынша 20 000 тг басталатын соманы құрайтын заттарды 3 айға дейін бөліп төлеу
Серіктестердің желісінде тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемді 12 айға дейін бөліп төлеу
Жылдық қызмет көрсету құны - 0 тг.
Қызмет көрсеткені үшін комиссия есептелмейді
Жеңілдікті кезең – күнтізбелік 62 күнге дейін, пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелген жағдайда 20 000 теңгеге дейінгі сомадағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға қолданылады. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.
28.09.2019 ж. кейін ресімделген «ДОС» кредит карточкасының артықшылығы неде?
Кредиттік лимит – 2 000 000 теңгеге дейін.
Кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия - 0 тг (Банк Хоум Кредит комиссия есептемейді)
6%-ға дейін кэшбек
Бүкіл әлем бойынша 50 000 тг басталатын қолма-қол ақшасыз операцияларды 5 айға дейін бөліп төлеу
Серіктестердің желісінде тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемді 12 айға дейін бөліп төлеу
ҚР кез келген карталарына комиссиясыз аударымдар жасау
Шартқа қол қойылған күннен бастап 14 күн ішінде жасалған қолма-қол ақшасыз алғашқы транзакция сомасынан (15 000 бонустан артық емес) Welcome Bonus – 10%
Жеңілдікті кезең – күнтізбелік 62 күнге дейін, пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелген жағдайда 50 000 теңгеге дейінгі сомадағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға қолданылады. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.
Жылдық қызмет көрсету - 0 тг.
Қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия - 499 тг
Sulpak co-brand
Кредиттік лимит – 1 000 000 теңгеге дейін
Кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия - 0 тг (Банк Хоум Кредит комиссия есептемейді)
4,3%-ға дейін кешбэк:
4,3% бонус– «Sulpak» желісінде 50 000 тг. дейін қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептеледі.
2% бонус – «Sulpak» желісінде 50 000 тг. бастап жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептеледі.
1% бонус – Sulpak желісінен тыс жерде жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептеледі.
Бонустарды тек «Sulpak» желісінде жұмсауға болады. Бонустық сыйақы бойынша ай сайынғы шектеу – 10 000тг.
Шартқа қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде 10 000 тг. басталатын сомаға қолма-қол ақшасыз транзакция жасалса, 500 тг мөлшерінде Welcome Bonus беріледі.
Бүкіл әлем бойынша 50 000 тг басталатын қолма-қол ақшасыз операцияларды 3 айға дейін бөліп төлеу
Sulpak серіктес желісінде тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемді 12 айға дейін бөліп төлеу
ҚР кез келген карталарына комиссиясыз аударымдар жасау
Жеңілдікті кезең – күнтізбелік 62 күнге дейін, пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелген жағдайда 50 000 теңгеге дейінгі сомадағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға қолданылады. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.
Жылдық қызмет көрсету - 0 тг.
Қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия - 0 тг
Кредит карточкасын қалай алуға болады?
Өтінімді мобильді қосымшада, Банктің ресми сайты арқылы беріңіз немесе Банктің бөлімшесіне не серіктестердің сауда нүктелеріне жүгініңіз.
Кредит карточкасын қалай белсендіруге болады?
Мобильді қосымшада «Кредит карточкалары» бөлімін ашыңыз және «Карточканы белсендіру» батырмасын басыңыз.
Аударым жасағаны үшін қандай пайыз төленеді?
Бұл Банк қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін 62 күнге дейін сыйақы есептемейтін кезең. Жеңілдікті кезең операция жасалған күннен бастап өтеу кезеңі аяқталған күнге дейін жалғасады, бұл ретте пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелуі тиіс. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.
Жеңілдікті кезең келесі жағдайларда қолданылмайды
Кредит карточкасынан қолма-қол ақша алынған жағдайда, сондай-ақ кредит карточкасынан Қазақстанның басқа банктерінің карточкаларына ақша қаражаты аударылған жағдайда жеңілдікті кезең берілмейді.
Кредиттік лимит дегеніміз не?
Бұл Банк төлем жасау үшін ұсынатын сома. Банк кредиттік лимит мөлшерін дербес белгілейді. Банк нақты жұмсалған сомаға ғана пайыздар есептейтінін есте сақтаңыз. Кредиттік лимит жаңартпалы болып табылады. Егер сіз жұмсалған сома мөлшерінде ақша қаражатын енгізсеңіз, кредиттік лимит сомасы енгізілген сомаға ұлғаяды.
Маған қандай кредиттік лимит беріледі?
Кредиттік лимит сомасы клиенттің төлем қабілеттілігіне байланысты жеке анықталады және 2 млн. теңгеге дейінгі соманы құрауы мүмкін.
Кредиттік лимит сомасын қалай ұлғайтуға болады?
Кредиттік лимитті ұлғайту үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Банк сіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты және автоматтандырылған скоринг жүйесінің нәтижелері бойынша кредиттік лимитті дербес ұлғайта алатынына назарыңызды аударамыз. Банк кредиттік лимит сомасын ұлғайтқан жағдайда жазбаша хабарлама немесе SMS растау жолдайды.
Ай сайынғы төлем сомасын (минималды төлем сомасын) қалай білуге болады?
Сіз ай сайынғы төлем сомасын:
1) мобильді қосымшада «Кесте» бөлімінен;
2) Банк жіберген SMS –хабарлама арқылы;
3) *790# пәрменін тере отырып, USSD банкинг арқылы біле аласыз.
Берешек қалай өтеледі?
Кредитті толық мерзімінен бұрын өтеу төлем күні берешектің барлық сомасын енгізу жолымен жүзеге асырылады. Кредит карточкасы бойынша берешекті тексеру үшін «Операциялар» бөліміне кіріңіз және «Өзекті қарызды есептеу» батырмасын басыңыз.
Кредит карточкасы бойынша тең төлемдер кестесі (ТТК) бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеу процесі қалай жүреді?
Мұндай операциялар бойынша берешек міндетті төлемдермен өтеледі. Міндетті төлемдер тиісті өтеу кезеңі аяқталғанға дейін енгізіледі.
Егер Банк Клиент үшін операция бойынша шарттарды (ТТК) орнатса, мұндай операциялар бойынша кредит бойынша берешек міндетті төлемдер арқылы өтеледі. Міндетті төлемдер тиісті өтеу кезеңі аяқталғанға дейін енгізіледі.
Кредит карточкасы бойынша төлемді қай күнге дейін төлеу қажет?
Клиент төлемді өтеу кезеңінде жүргізеді.
Кредит карточкасы бойынша төлемді қай күннен кешіктірмей енгізу қажет?
Кредит карточкасы бойынша төлем өтеу кезеңінде жүргізіледі, бұл ретте төлем 4, 14 немесе 24 күннен кешіктірілмей өтелуі тиіс. Әрбір клиент үшін белгілі бір өтеу кезеңі белгіленеді.
Мен кредит карточкасының есебіне берешек сомасынан асатын соманы енгізе аламын ба?
Иә, сіз кредит карточкаңызға берешек сомасынан артатын соманы енгізе аласыз және кейіннен осы соманы өз қаражатыңыз ретінде пайдалана аласыз.
Кредит карточкасы бойынша пайыздардан қалай үнемдеуге болады?
Бұл үшін сізге минималды төлем сомасынан асатын соманы төлеу қажет. Сіз неғұрлым көп төлесеңіз, соғұрлым берешегіңізді ертерек өтейсіз, сәйкесінше пайыздардан үнемдейтін боласыз. Операция бойынша ТТК қалыптастырылған жағдайларды қоспағанда, ТТК қалыптастырылған төлемдер үшін мұны қолдануға болмайды .
Кредит карточкасы бойынша (міндетті) төлем өтелмеген жағдайда не болады?
Берешекті төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау кредиттік тарихтың нашарлауына және мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек/талап сомасының 0,5% - ы мөлшерінде, бірақ КШ қолданылатын әрбір жылға берілген кредит сомасының 10% - нан аспайтын тұрақсыздық айыбын есептеуге әкеп соғады.
Банк кредит карточкасы бойынша мерзімі өткен берешекті қарыз алушының қандай шоттарынан есептен шығаруға құқылы?
Кредит шартының талаптарына сәйкес міндеттемелер орындалмаған, тиісінше орындалмаған жағдайда Банк клиенттің кез келген банктік шоттарынан акцептсіз тәртіпте мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға құқылы, бұл ретте клиенттің ағымдағы берешегі тек клиенттің ағымдағы шотынан өтеледі.
Мен операция бойынша шарттар қалыптастырылғаны (ТТК) туралы смс-хабарлама алдым, бұл дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
"Бұл кредиттік лимит шеңберінде кредит беру бойынша жақсартатын шарттар, ол жеңілдікті кезеңді белгілеу/сыйақы мөлшерлемесін азайту түрінде көрініс табады. Сіз операция (ТТК) бойынша шарттар белгіленген кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын толық өтей аласыз, ол үшін болжанып отырған өтеу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын Банк белгілеген нысанға сәйкес толтырылған жазбаша өтінішті беруіңіз қажет, бұл ретте минималды төлемдермен өтелетін берешек (болған жағдайда) өтелуі тиіс. Міндетті төлемдермен өтелетін операциялар бойынша берешекті ішінара өтеуге жол берілмейді." Сіз 14 күн ішінде Банктің кез келген бөлімшесінде өтініш беру арқылы операция (ТТК) бойынша жақсартушы шарттардан бас тартуға құқылысыз.
Егер ТТК бойынша берешек болса + банкоматтан қолма-қол ақша алынған жағдайда + жеңілдікті кезең бойынша берешек болса, жеңілдікті кезең бойынша берешекті қалай өтеуге болады? Маған карточка бойынша барлық берешекті төлеу міндетті ме?
ТТК бойынша кезекті төлемді және қалған берешек сомасын (банкоматтан қолма-қол ақша алу + жеңілдікті кезең бойынша берешек) төлеу қажет, есептік күнге берешекті сіз ай сайын алатын SMS-хабарламадан көре аласыз.
Банкомат арқылы теңгерім сұрату құны неге тең?
Банк Хоум Кредит банкоматтары арқылы теңгерім сұрату - тегін көрсетіледі, басқа банктердің банкоматтары арқылы теңгерім сұрату барысында 50 тг мөлшерінде комиссия алынады. Сондай-ақ, сіз үйден шықпастан мобильді қосымшада шоттарыңыздағы теңгерімді қадағалай аласыз.
Банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия мөлшері
Біздің карточка бойынша елдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия қарастырылмаған және бұл біздің карточкамыздың өзгеше ерекшелігі.
Банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия мөлшері
29.08.2019 кейін ресімделген карточкалар бойынша карточкаға қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия 499 тнг құрайды (комиссия белсендірілген карточка бойынша берешек болған жағдайда алынады)
Кредит карточкасынан басқа банктердің карточкаларына қаражатты аудару кезінде комиссия есептеледі ме?
Комиссия көзделмеген
Мен кредит карточкасын оны алған сәттен бастап пайдаланбадым? Бұл жағдайда комиссия есептеледі ме?
Егер сіз карточканы алған сәттен бастап оны белсендірмесеңіз, комиссия есептелмейді.
1 бонустың мөлшері неге тең?
1 бонус = 1 теңге
Welcome bonus дегеніміз не?
Шартқа қол қойылған күннен бастап 14 күн ішінде жасалған қолма-қол ақшасыз алғашқы транзакцияға сәлемдік бонус есептеледі.
Welcome (сәлемдесу) bonus-тың қолданылу мерзімі қандай?
Бонустарды теңгеге аударуға және оларды 18 ай ішінде пайдалануға болатыны есіңізде болсын
Жинақталған бонустардың қолданылу мерзімі қандай
18 ай. Бонустарды пайдалануды ұмытпаңыз! :)
Қандай операциялар бойынша Банк бонустарды есептемейді?
Бөліп төлеу қалыптастырылатын операциялар бойынша;
Біздің мобильді қосымша арқылы жүргізілген операциялар бойынша;
Ойын бизнесі мен тотализаторлардағы операциялар бойынша;
Тауарды/қызметті қайтару болған операциялар бойынша;
Банк ішіндегі және Банк шегінен тыс аударым операциялары бойынша;
Электрондық әмияндарды толықтыруға байланысты операциялар бойынша, Интернет/ мобильді банкинг арқылы тауарларды/қызметтерді жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеу барысында.
Маған бонустар есептелді. Оларды қалай жұмсауға болады?
Сіз бонустарды мобильді қосымшада «Карточка бойынша бонустар» бөлімінде нақты ақшаға аудара аласыз.
Мобильді қосымшада кредит карточкасын пайдаланғаны үшін есептелген бонустар көрсетіледі.
Операция жойылған жағдайда бонустар есептеледі ме?
Өкінішке орай, жоқ, бонустар карточкадан ақшаны есептен шығару фактісі бойынша ғана есептеледі. Егер транзакция қаражат есептен шығарылғаннан кейін жойылса, бонустарға түзету жүргізіліп, олар жойылады.
Қанша бонус жинай аламын?
Бір күнтізбелік ай ішінде сіз 15 000 теңгеге тең 15 000 бонус жинай аласыз.
29.08.2019 дейін ресімделген карточка бойынша бонустың (кэшбэктің) қандай мөлшері көзделген?
Бонус мөлшері транзакция жасалған жерге байланысты белгіленеді. Мысалы, супермаркеттерде– 1%, мейрамханаларда, барларда, жанармай станцияларында – 3%, дәріханаларда – 5%.
29.08.2019 кейін ресімделген карточкалар бойынша бонустың (кэшбэктің) қандай мөлшері көзделген?
Әрбір қолма-қол ақшасыз транзакция үшін 1% кепілдендірілген бонус
Саяхат, киім & қызметтер мен тауарларды онлайн режимде төлегені үшін + 2%
АЖС, мейрамханалар, кафелердегі төлемдерге + 3%
Ойын-сауық және фитнес орталықтарындағы төлемдер үшін +4%
Денсаулық сақтау орталықтарындағы (дәріханалар, медициналық қызметтер) төлемдер үшін +5%
Демалыс күндері қолма-қол ақшасыз әрбір транзакция үшін 1% Жиналған бонустарды қосымшада теңгеге аударуға болады.
Маған қолма-қол ақшасыз операция үшін бонустар есептелмеді. Не істеу керек?
Осындай жағдайға тап болғаныңыз өте өкінішті.
Ең алдымен келесілерді тексеру қажет:
1. Сіз қолма-қол ақшасыз операция жасадыңыз ба?
2. 29.08.2019 кейін ресімделген карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз операция сомасы 50 000 теңгеден (қоспағанда) кем және 29.08.2019 дейін ресімделген карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз операция сомасы 20 000 теңгеден (қоспағанда) кем болуы тиіс. Сіз осы талапты сақтадыңыз ба?
Сонымен қатар сұрақтар және жауаптар бөлімінде «Бонустар» тармағында көрсетілген сұрақтарды оқыңыз және жауаптарыңызды қайта тексеріңіз. Егер үш сұраққа иә деп жауап берсеңіз, туындаған мәселені Банктің ресми арналары (әлеуметтік желілердегі парақшалар, мобильді қосымшада/Банктің сайтында орналасқан онлайн-тілдесу жүйесі, WhatsApp нөмірі немесе 7373 нөмірі (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) бойынша Банктің байланыс- орталығы) арқылы шешіңіз.
Маған бонустар дұрыс есептелмеді. Не істеу керек?
Мұндай жағдайға тап болғаныңыз өкінішті. Бонустардың қате есептелуі туралы мәселені Банктің ресми арналары (әлеуметтік желілердегі парақшалар, мобильді қосымшада/Банктің сайтында орналасқан онлайн- тілдесу жүйесі, WhatsApp нөмірі немесе 7373 нөмірі (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) бойынша Банктің байланыс-орталығы) арқылы шешу қажет.
Егер шетелде кредит картасымен төлем жасайтын болсам, осы төлемдерге бонустар есептеледі ме?
Иә, бұл жағдайда бонустар өнім шарттарына сәйкес есептеледі.
Карточканы қалай толықтыру қажет?
Сіз карточкаңызды мобильді қосымшада, Банктің кассалары/терминалдары, сондай-ақ «Касса 24», Cyberplat, Pay point терминалдары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері/терминалдары арқылы толықтыра аласыз. Сонымен қатар карточканы өзіңіздің шоттарыңыз арасында ішкі аударым, сондай-ақ ҚР кез келген карточкасынан кез келген карточкаға комиссиясыз аударым жасау арқылы толықтыруға болады. МАҢЫЗДЫ!!! Комиссиялар мен шектеулер басқа эмитент банктер тарапынан болуы мүмкін. Kaspi Gold карточкасынан аударымдар Kaspi банк тарапынан бұғатталған.
Мен ПИН-кодты ұмыттым, не істеу қажет?
Сіз ПИН-кодты мобильді қосымшада қалпына келтіре аласыз. Ол үшін:
1) "Кредит картасы" бөліміне кіріңіз;
2) "Операциялар" қосымша бетін ашыңыз;
3) «PIN-кодты ауыстыру батырмасын басыңыз». Сонымен қатар *790# пәрменін тере отырып, USSD қызметін пайдалануға немесе 7373 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласуға (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) болады.
Мен карточканы жоғалтып алдым. Не істеу керек?
Қауіпсіздік мақсатында мобильді қосымшада карточканы бұғаттауды ұсынамыз. Егер сіз карточкаңызды тапсаңыз, оны мобильді қосымшада оңай түрде бұғаттан шығара аласыз. Егер карточкаңыз табылмаса, карточканы қайта шығару үшін сізге 7373 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласу қажет.
Кредит карточкасын шетелде пайдалануға бола ма? Айырбастау процесі қалай жасалады?
Иә. Операциялар шетел валютасында жүргізілген кезде шоттан соманы есептен шығару транзакцияны растау сәтінде қолданылатын бағам бойынша жүзеге асырылады. Банк операция сомасын айырбастауды Банк операцияны өңдеу сәтінде қолданатын Банктің бағамы бойынша жүзеге асырады.
Кредит карточкасы бойынша АТМ арқылы ақша алғаны үшін сыйақы қашан есептеледі?
Сыйақы операция расталған сәттен бастап есептеледі.
Егер карточкадан карточкаға ақша қаражаты аударылса, сыйақы қалай есептеледі?
Сыйақы операция расталған* сәттен бастап әрбір күн үшін кредит шартында көрсетілген мөлшерлеме бойынша есептеледі. * біздің банктің эквайер банкінен қаржы құжатын алуы.
Кредит карточкасымен интернетте төлем жасауға бола ма?
Иә, сіз интернетте төлем жасау үшін кредит карточкасын пайдалана аласыз. Карта сіздің операцияларыңыз бен ақшаңыздың қауіпсіздігі үшін 3D Secure технологиясымен жабдықталған. Технология динамикалық (бір реттік) құпиясөз түрінде көрініс табады. Интернет операциялары бойынша белгіленген тәуліктік лимит 70000 теңгені құрайды, лимитті өзгерту үшін 7373 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.
ПИН-кодты енгізбестен байланыссыз төлемнің максималды сомасы қандай?
Қазақстандағы халықаралық төлем жүйелерінің ережелері бойынша ПИН-кодты енгізбестен байланыссыз төлемнің максималды сомасы 5 000 теңгеге тең.
Кредит карточкасы бойынша үзінді- көшірмені қалай алуға болады? Банкомат карточканы жұтып қойған жағдайда не істеу қажет?
Бірінші кезекте, карточканы мобильді қосымшада бұғаттаңыз және оны қайта шығару үшін 7373 нөмірі бойынша Банктің байланыс орталығына хабарласыңыз (карточканы қайта шығару 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады). Карточка қайта шығарылғаннан кейін сізге смс-хабарлама келеді, осы хабарламада карточканы алып кетуге болатын Банк бөлімшесінің мекенжайы көрсетілген.
Атаулы карточка мен атаулы емес карточканың айырмашылығы неде?
Атаулы карточка атаулы емес карточкадан пластиктегі атауымен ғана ерекшелінеді. Олардың функционалдық мүмкіндіктері бірдей. Атаулы карточкамен, сондай-ақ атаулы емес карточкамен дүкендерде, интернетте төлем жасауға, сонымен қатар аударымдар жасауға және қабылдауға болады.
Кредит карточкасының қолданылу мерзімі қандай?
Кредит карточкасының қолданылу мерзімі оны алған сәттен бастап 5 жылды құрайды.
Карточканы қалай қайта шығаруға болады?
Карточканы қайта шығару үшін сізге 7373 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Карточканы қалай уақытша бұғаттауға болады?
Егер карточканы уақытша бұғаттағыңыз келсе, сіз мобильді қосымшада карточканы бұғаттау функциясын пайдалана аласыз, сондай-ақ 7373 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) байланыс орталығына хабарласуға болады.
Карточканы қалай бұғаттан шығаруға болады?
Егер сіз карточкаңызды уақытша бұғаттасаңыз, оны бұғаттан шығару үшін мобильді қосымшаны пайдаланыңыз. Карточканың жоғалуы/ұрлануы себебі бойынша ол байланыс орталығы арқылы тұрақты бұғатталған жағдайда, карточканы бұғаттан шығару мүмкін емес. Бұл жағдайда карточка жойылады және қайта шығарылады.
Кредит карточкасын қалай жабуға болады?
Карточканы жабу үшін Сізге кредит карточкасы бойынша берешектің толық сомасын енгізу, Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне бару және өтінішті толтыру қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек. Карточканы жабу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды.