Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

QR бөліп төлеу арқылы сатылымдар санын арттырыныз

Бұл клиенттерге де, сізге де тиімді ұсыныс. Клиенттер тауарды 3 айдан 24 айға дейін бөліп төлеуге сатып алады, ал сіз барлық соманы бірден шотыңызға аласыз.

main image

Бөліп төлеуге сату

HCB Business ұсынатын QR-бөліп төлеу — қосымшада сатушының жеке кабинеті бар ыңғайлы құрал. Жеке кабинетте сіз сатылым аналитикасы мен есептерін қадағалап, сауда нүктелерін басқарып, клиенттерге ыңғайлы QR-бөліп төлеу қызметін ұсына аласыз. Клиенттер тауар құнын бөліп төлейді, ал сіз шотыңызға толық соманы небәрі 5 минут ішінде аласыз.  

 

Серіктестер саны: 19000-нан астам  

Клиенттік база: 7 000 000 жеке тұлға

 

Өнім функциялары

Сауда нүктелерін басқару

Бір немесе бірнеше сауда нүктесін мобильді қосымша немесе компьютер арқылы онлайн тіркеп, басқарыңыз.

Клиенттерге арналған бөліп төлеу

Клиенттеріңізге сатып алуды ыңғайлы төлеуге мүмкіндік беретін QR-бөліп төлеуді қосыңыз. Сатып алудың минималды сомасы — 10 000 ₸, максималды сомасы — 1 500 000 ₸

Комисия бойынша % қарау

 

Сатылымдар аналитикасы

Сатылым көлемі, транзакциялар саны, орташа чек және сауда нүктелерінің тиімділігі бойынша деректердің автоматты түрде жиналуы.

Онлайн-қайтарымдар

Онлайн-қайтарымдар жеке кабинетте 30 секунд ішінде ресімделеді және қосымша әрекеттерді қажет етпейді

Кредиттеу

Тауарлар мен қызметтерді кредитке сатып, клиенттерге ыңғайлы шарттарды ұсыныңыз: бизнес үшін комиссия - 0%, ал сатып алушылар үшін минималды артық төлем - 1,5%-ға дейін. Бұл шешім сізге сатылымдар санын арттыруға, шығындарды азайтуға және клиенттеріңіз үшін сатып алуды қолжетімді етуге көмектеседі.

 

Өнімнің артықшылықтары

  1. Пайдаланудың ыңғайлылығы
    Қосымшада сауда нүктесін жылдам тіркеп, QR-бөліп төлеуге қолжетімділігі бар жеке кабинетті оңай қосуға болады.

  2. Ақшаның бірден түсуі
    Сатылымнан түскен ақша шотыңызға небәрі 5 минут ішінде түседі.

  3. Клиенттер үшін қолжетімділік
    Бөліп төлеуді офлайн да, сондай-ақ WhatsApp, Instagram сияқты танымал онлайн-арналар арқылы онлайн да ресімдеуге болады. Кез келген банктің клиенттері тауарларды өздеріне ыңғайлы тәсілмен бөліп төлей алады. Ол үшін арнайы қосымшаларды жүктеудің қажеті жоқ. Бұл сіздің аудиторияңызды кеңейтіп, сатылымдар санын арттыруға мүмкіндік береді.

  4. Тегін жарнамалық материалдар
    Жеке кабинетте сауда нүктеңізді немесе қызметіңізді жарнамалау және көбірек клиент тарту мақсатында пайдалана алатын дайын суреттер бөлімі бар.

  5. Комиссиясы 0% OZEN бөліп төлеу картасы
    OZEN — сатып алуларды қолжетімді әрі ыңғайлы ететін HCB картасы. Клиенттеріңіз тауарларды 20 000 бастап 2 000 000 ₸ дейінгі сомаға комиссиясыз және артық төлемсіз 6 айға дейін бөліп төлеуге сатып алуы мүмкін. Клиентке қосымшаны жүктеп, тіркеуден өту қажет. Онлайн карта небәрі 5 минут ішінде ашылады.

OZEN бөліп төлеу картасы бойынша презентацияны жүктеу
 

Өтінім қалдырыңыз - біз бөліп төлеуді қосу бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

Пайдалы ақпарат

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен маңызды құжаттар

«Сату кабинетін» қосудың қандай артықшылықтары бар?

«Сату кабинетін» қосқан кезде сіз келесі артықшылықтарға ие боласыз: 

  1. Сату көлемі ұлғаяды — клиенттер тауарды бөліп төлеуге және кредитке сатып ала алады. 
  2. Кредиттің максималды сомасы — OZEN өнімімен 2 миллион теңгеге дейін. 
  3. Клиенттерге тауарды/қызметті қашықтан ресімдеу үшін сілтеме жіберу мүмкіндігі бар. 
  4. Клиенттер үшін жас шектеуі — 75 жасқа дейін. 
  5. Төмен комиссиялар: 2,9%-дан 15%-ға дейін. 
  6. Әрдайым 0-0-24 бөліп төлеуді қосу мүмкіндігі болады. 
  7. Кредитті кез келген банктің клиенттеріне кез келген жерде ресімдеуге болады. Сатып алушыларыңызда Home Credit Bank қосымшасының болуы талап етілмейді.

Неліктен тауарды қолма-қол ақшаға айналдыруға және тауардың орнына сатып алушыларға ақша беруге тыйым салынады?

Тауардың немесе қызметтің орнына ақша беру ынтымақтастық шарттарын қатаң түрде бұзу болып табылады және алаяқтық сипаттағы әрекет болып саналады. Бұл біздің бизнестегі адалдық принциптеріне қайшы келеді.

Сатылым үшін қанша ақша ұсталғанын қайдан білуге болады?

Сатылымдар бойынша үзінді көшірмеде сіз сатылым туралы мәліметтерді, соның ішінде комиссия туралы ақпаратты көре аласыз.

Серіктестерді тексеру процесі қалай жүреді?

  1. Серіктестерді тексеру қосымша құжаттарсыз онлайн түрде 1 минут ішінде жүргізіледі.
  2. Сату нүктесі құрылғаннан кейін тексеріс банктің қауіпсіздік қызметі арқылы өтеді. Тексеріске дейін сізде 1 миллион теңгеге дейін тауарларды бөліп төлеуге немесе кредитке сату мүмкіндігі болады.
  3. Сәтті тексеруден кейін лимит алынып тасталады және сіз кез келген сомаға сатуды жүзеге асыра аласыз.

Бұл клиент деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сату кезінде кредит немесе бөліп төлеу мерзімін өзім белгілей аламын ба?

Иә. Сату нүктесін құру кезінде сіз өзіңізге сәйкес келетін пакетті таңдай аласыз. Әр пакет әртүрлі мерзімдерді, комиссияларды және кредит беру немесе бөліп төлеу шарттарын ұсынады.

Кредит сатып алушыға мақұлданғанын қалай білуге болады?

Кредит немесе бөліп төлеу бойынша шешім туралы «Сату кабинетінде» білуге болады, онда «Төленді» мәртебесі болады.

Сонымен қатар сізге өтінімді растау туралы SMS хабарлама келеді.

Мобильді қосымша арқылы кредитті қайтаруға қалай өтініш беруге болады?

Кредитті қайтаруға өтініш беру үшін: 

  • «Сату кабинетіне» өтіңіз;
  • Қайтару жоспарланған қажетті сатып алушыны таңдаңыз;
  • Сатылым мәліметтерін ашу үшін сатып алушының атын басыңыз;
  • «Қайтарымды ресімдеу» батырмасын басыңыз.

Кредитті қайтару үшін қандай шарттар орындалуы керек?

Кредитті қайтару шарттары: 

  • Онлайн қайтарым сатып алу күнінен бастап 14 күн ішінде қолжетімді;
  • Кредит немесе бөліп төлеу сақтандырусыз ресімделуі қажет;
  • Заңды тұлға шотында кредитті өтеу үшін жеткілікті қаражат болуы керек.

 

Қайтарым банк бөлімшесінде келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • Тауар немесе қызмет ресімделген күннен бастап 14 күннен артық уақыт өткен жағдайда;
  • Кредит немесе бөліп төлеу сақтандырумен ресімделген болса;
  • Сатып алу OZEN картасы арқылы жасалған болса.

Сатып алу қайтарылған кезде комиссия өтеледі ме?

Иә, тауарды бөліп төлеуге немесе кредитке сату үшін комиссия өтеледі.