Кредиттік демалыс дегеніміз не?
Кредиттік демалыс — бұл кредит төлемдерін уақытша кейінге қалдыру. Кредиттік демалыс кезінде кредиттік бюрода айыппұлдар мен мерзімі кешіктірілген тіркелмейді. Яғни айыппұлдар есептелмейді және кредиттік демалыс кредиттік тарихқа әсер етпейді.
«Кредиттік демалыс» термині ҚР заңында жоқ. Бұл ұғым борышкердің кредит бойынша төлемдерді жүргізбейтін мерзімін белгілеу үшін қолданылады. Бірақ іс жүзінде кредиттік демалыс төлем мерзімін кейінге қалдыруды білдіреді.
Төлем мерзімі кейінге қалдыру қалай жүзеге асырылады?
Кредиттік демалыс кезінде Қарыз алушының кредитті біраз уақыт бойы төлемеу мүмкіндігі болады, ал банк тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды) есептемейді. Бірақ бұл компания мерзімі кешіктірілген төлемдерді кешіреді дегенді білдірмейді. Бұл ақшаны да пайызбен қайтаруға тура келеді.
Төлем мерзімін кейінге қалдыру әдетте кредит шартына қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді. Банк келесі шарттарды ұсына алады:
- Ай сайынғы төлем сомасын көбейту — кейінге қалдырылған төлемдерді кредит мерзімі аяқталғанға дейін бөлу.
- Ай сайынғы төлем сомасын өзгертпей, қарыз мерзімін ұзарту.
- Қарыз алушының келісімі бойынша төлемдердің басқа төлем кестесін жасау.
Қиын қаржылық жағдайға тап болған және уақытында кезекті төлем жасай алмаған қарыз алушы төлем мерзімін кейінге қалдыруды сұрауға құқылы.
Мысалы:
Амир банктен 3 жылға 1 млн ₸ кредит алды. Бір жыл ішінде айына 47 мың теңгеден төлем жасап тұрды. Содан кейін ол күтпеген жағдайға ұшырап, жұмысынан айырылды. Сондықтан кезекті төлемді жасай алмады. Амир банкке кредиттік демалыс беру туралы өтінішпен жүгінді. Оған банк кредитті екі ай төлемеуге рұқсат етті және бұл туралы кредит шартына қосымша келісім жасалды. Бұл сома болашақ төлемдер есебіне тең бөлініп, жаңа кесте жасалды. Екі айдың ішінде Амир жаңа жұмысқа орналасып, жалақы алып, кредитті уақытында төлей бастады.
Банк әр клиентке кредиттік демалыс беру туралы мәселені жеке шешеді. Ол төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсына алады немесе өтініштен бас тарта алады. Елде клиенттер үшін кредиттік жеңілдіктер туралы заңмен қабылданған ережелерді қоспағанда, бұл банктің міндеті емес. Мысалы, міндетті кредиттік демалыс коронавирустық пандемия кезінде клиенттерге ұсынылды.
Бірақ, әдетте, банктер қарыз алушыдан қарызды төлеуін талап етеді, сондықтан олар бұл ұсынысқа келісуі мүмкін.
Кредиттік демалысты кім ала алады?
Қазір кредиттік демалыс әскери қызметшілерге беріледі. Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызмет өтетін жандарға банктердегі қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы меморандумға қол қойды.
Ал басқа қарыз алушылар төлемді жүргізе алмайтындығын растап, дәлелдер ұсыну керек. Төлем мерзімін дәлелді негіздері бар адамдар кешіктіре алады, мысалы:
- ауруға немесе басқа себептерге байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық (екі айдан астам уақыт бойы);
- жалақының төмендеуі немесе кешігуі;
- жұмыстан шығу;
- асырауындағы адамдар санының артуы (баланың тууы немесе туысының мүгедектігі);
- форс-мажорлық жағдайлар — өрт, пәтерді су басу және мүліктің жоғалуына және қаржылық жағдайдың нашарлауына әкелетін басқа да себептер.
Егер төлем қабілетсіздігі қарыз алушының өзіне байланысты болмаса, мысалы, ол жұмыстан шығарылса, банктер көмек беруге дайын болады.
Кредиттік демалысты қалай ресімдеуге болады?
Ол үшін Кредиттік тарихта мерзімі кешіктірілген төлемдер болмас үшін қаржылық қиындықтар туындаған кезде бірден банкке жүгінген дұрыс. Бірақ заң бойынша қарыз алушының кредиттік демалысқа өтініш беру үшін төлем мерзімі өткен күннен кейін 30 күн бар. Өтінішті банк бөлімшесінде, электрондық пошта арқылы немесе қосымшада беруге болады.
Өтініш ерікті түрде толтырылады. Бірақ онда қарыз алушы туралы мәліметтер және кейінге қалдыру қажеттілігін дәлелдейтін себептер болуы керек. Сондықтан өтінішке нашар қаржылық жағдады растайтын құжаттарды қоса берген жөн. Мысалы:
- жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат бар еңбек кітапшасының көшірмесі;
- жұмыстан босату туралы бұйрық;
- бухгалтерия ұсынатын жалақыдағы өзгерістер көрсетілген анықтама;
- ұзақ уақыт емделу қажеттілігін растайтын медициналық картадан үзінді көшірме;
- мүгедектік туралы анықтама;
- баланың туу туралы куәлігі.
Банк өтінішті қабылдап, 15 күнтізбелік күн ішінде жауап береді. Ол келісуі, себебін көрсетіп бас тартуы немесе басқа шешім ұсынуы мүмкін. Шарт талаптарына өзгерістер кредитор шешім қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде енгізіледі.
Егер банкпен бұл мәселені шешу мүмкін болмаса,ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге болады. Ол үшін Агенттіктің жедел желісіне хабарласуға, Fingramota қосымшасы арқылы шағым жазуға немесе қабылдау бөлмесіне келуге болады. Агенттік барлық ақпаратты тексеріп, заң нормаларына сәйкес түсініктеме береді.
Кредиттік демалыстың қандай баламалары бар?
Төлем мерзімін кейінге қалдыру — кредитті қайта құрылымдау шараларының бірі, яғни кредит шартының талаптарын өзгерту дегенді білдіреді. Кредит жүктемесін жеңілдетуге көмектесетін басқа да қайта құрылымдау шаралары туралы толығырақ біз басқа мақалада жаздық.
Қарыз алушының жағдайын жақсартудың тағы бір тәсілі — қайта қаржыландыру. Бұл жаңа кредитті одан да тиімді шарттармен ресімдеу процедурасы. Мысалы, жаңа кредитті төмендетілген мөлшерлемемен немесе ыңғайлы төлеммен ашуға болады. Қайта қаржыландыру бірнеше кредиті бар адамдар үшін тиімді: барлық төлемді бір кредитор арқылы жасау ыңғайлы. Бұл ретте мерзімі кешіктірілген төлемдер болмайды.
Home Credit Bank-те қайта қаржыландыру бойынша қолжетімді сома — 10 млн. ₸ дейін, кредит мерзімі — 6 айдан 5 жылға дейін. Егер банк өтінімді мақұлдаса, ақша сіздің дербес шотыңызға бір жұмыс күнінен кейінгі уақыт ішінде аударылады. Кредиттерді қайта қаржыландыруға өтінім беру үшін Қазақстандағы Home Credit Bank банктің кез келген бөлімшесіне жүгінуге болады. Кезекті алдын ала банктің сайтында брондауға болады.
Бұл жағдайда келесі құжаттар қажет болады:
- Қазақстан азаматы үшін:
- паспорт;
- салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі.
- Шетелдік үшін:
- ҚР-да тұруға ықтиярхат;
- ЖСН.
Кредит шартының қолданылу мерзімі тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
Қайта қаржыландыру бағдарламасын Home Credit Bank-те екінші және одан кейінгі кредиттерді ресімдейтін 22 жастан 75 жасқа дейінгі тұлғалар пайдалана алады.
Жаңа клиенттер өздерінің алғашқы кредиттерін тиімді шарттармен және ыңғайлы ай сайынғы төлеммен алып, ағымдағы кредиттерін еш қиындықсыз өтей алады. Кредит толығымен онлайн түрде беріледі: өтінімді толтырып, банктің шешімін күтіңіз.