HOME CREDIT BANK-тен мобильді байланыc төлемдерін жасау үшін 100% кешбэк

Арнайы ұсыныс – HOME CREDIT BANK мобильді қосымшасында хабарламада көрсетілген дебет карточкасымен жасалатын мобильді байланыс төлемдерін жасау үшін 100% кешбэк.
Ұсыныс қолжетімділігін қалай білуге болады?
- Мобильді қосымшаға кіріңіз. Мобильді қосымша жоқ болса, оны жүктеп, тіркеуден өтіңіз.
- «Өнімдер» бөліміндегі «Карточкалар» қойындысына өтіп, ұсыныстың болуын тексеріңіз.
- Ұсыныс бар болса, оны 31.12.2023 дейін қолданыңыз. Келесі айда сізді сыйлық күтуде.
Ұсыныстың шарттары:
- Дебет карточкаңызды кез келген банктің карточкасынан толықтырыңыз.
- «Төлемдер» бөліміне өтіп, «Ұялы байланыс» батырмасын басыңыз
- Ұялы телефон нөмірін енгізіп, картаны таңдап, төлемді растаңыз.
- Максималды кешбэк айына 5000 теңге.
- Карточканың қолданыстағы шарттарына сәйкес көзделген кешбэкке қосымша есептеледі және кэшбектің ай сайынғы лимитіне кірмейді.
- Ұсыныс тек мобильді қосымшада тиісті ақпарат алған тұлғалар үшін қолжетімді.