Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Смартфонмен қалай төлеуге болады?

Home Credit Bank картасын Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay және Garmin Pay қызметтеріне қосуға болады. Төлемді NFC бар смартфондар және сағаттар арқылы жасауға болады

main image
Apple Pay-де белсендіру
active apple
  1. iPhone-да Wallet қосымшасын ашыңыз;
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз;
  3. «Дебет картасын» немесе «Кредит картасын» таңдаңыз;
  4. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз;
  5. Карта деректерін қосып, нұсқауларды орындаңыз;
  6. SMS код арқылы белсендіруді растаңыз;
  7. «Дайын» батырмасын басыңыз.

Егер карта белсендірілген болса — экранда «Карта белсендірілді» деген жазу пайда болады. Картамен төлем жасау үшін — бұғаттау батырмасын 2 рет басыңыз да, iPhone-ды бұғаттан шығарып, терминалға жақындатып төлеңіз

 

Samsung Pay-де белсендіру
active samsung
  1. Samsung смартфонында Wallet немесе Samsung Pay қосымшасын ашыңыз;
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз;
  3. Картаны сканерлеңіз немесе NFC арқылы қосыңыз;
    Егер карта виртуалды болса — деректерді өзіңіз енгізіңіз;
  4. Қызмет көрсету шарттарын қабылдаңыз;
  5. SMS код арқылы белсендіруді растаңыз;
  6. Саусақпен немесе стилуспен қол қойыңыз.

Егер карта белсендірілген болса — экранда «Карта қосылды» деген жазу пайда болады. Wallet немесе Samsung Pay баптауларында «Жылдам қол жеткізу» функциясын таңдап, картаны пайдалану опциясын таңдаңыз

 

Google Pay-де белсендіру
active google
  1. Android смартфонында «Google Кошелёк» қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз;
  2. «Әмиянға қосу» батырмасын басыңыз;
  3. «Төлем картасын» таңдаңыз;
  4. Карта нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV кодты енгізіңіз;
  5. Деректерді сақтаңыз;
  6. Шарттарды қабылдаңыз;
  7. SMS код арқылы белсендіруді растаңыз;

Егер карта белсендірілген болса — картадан аз сомада ақша алынып, қайта оралады

 

Garmin Pay-де белсендіру
active garmin
  1. Смартфонда Garmin Connect қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз;
  2. «Garmin Devices» бөліміне кіріп, сағатыңызды табыңыз;
  3. «Garmin Pay» батырмасын басыңыз;
  4. Нұсқауларды орындаңыз.

Егер карта белсендірілген болса — Garmin сағатында әмиянға басыңыз, сонда карта көрсетіледі

Пайдалы ақпарат

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен маңызды құжаттар