Жалпы ережелер
1. Осы Саясат «Home Credit Bank» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) мобильді қосымшада (Home Credit Bank – онлайн банк) тіркеу формасын толтыру кезінде жеке тұлғалардан (бұдан әрі – Пайдаланушылар) алынуы мүмкін ақпаратты өңдеу және қорғау тәртібін, сондай-ақ Пайдаланушының мобильді қосымшада тіркеу формасын толтыру кезінде жарнамалық ақпарат алуға келісім беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мобильді қосымша).
2. Осы Саясаттың мақсаты – Пайдаланушылардың, оның ішінде олардың жеке деректерінің, рұқсат етілмеген қолжетімділіктен және жарияланудан қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жарнама туралы заңнаманың нормаларын сақтау, соның ішінде Пайдаланушының жарнамалық ақпаратты алуы кезінде.
3. Пайдаланушы ұсынған ақпаратты жинау, сақтау, тарату және қорғауға байланысты қатынастар осы Саясатпен, Банктің басқа да ішкі құжаттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. Осы Саясат нормалары Банктің басқа Саясаттарының нормаларымен қайшы келген жағдайда, осы Саясат нормалары қолданылмайды.
5. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген жеке деректер Пайдаланушы тарапынан мобильді қосымшада тіркеу формасын толтыру арқылы ұсынылады және мынадай ақпараттарды қамтиды:
• Пайдаланушының аты-жөні;
• Байланыс телефоны;
• Электрондық пошта мекенжайы (e-mail).
Тіркеу формасын толтыра отырып, Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарымен толық келісетінін растайды.
Пайдаланушы өзінің Жеке деректерін жіберу арқылы оларды Банктің өңдеуіне және мобильді қосымшада тіркеу формасын толтыру кезінде ұсынылған жеке деректерін жарнамалық ақпарат алу мақсатында беруіне келісімін береді. Сондай-ақ, Пайдаланушы Банктен кез келген байланыс арнасы арқылы жарнамалық ақпарат алуға келісім береді.
Осы Саясат шеңберінде Мобильді қосымша арқылы Пайдаланушыға мынадай қызметтерге рұқсат беріледі:
• Геолокация деректеріне қолжетімділік, Мобильді қосымша жергілікті ақпаратты дұрыс көрсету үшін.
• Телефон кітапшасына қолжетімділік, Банктің клиентіне телефон нөмірі бойынша ақша аударуды жеңілдету үшін.
• Банктен келетін SMS хабарламаларға қолжетімділік, SMS-кодтарды бір рет басу арқылы автоматты түрде енгізу үшін.
Пайдаланушылар ұсынған ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау мақсаттары
6. Пайдаланушының жеке деректерін өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Саясатқа сәйкес, Банк Пайдаланушының жеке деректерін мынадай мақсаттарда өңдейді:
• Банктің қызметтері, арнайы ұсыныстар және басқа да ақпараттар туралы Пайдаланушыны хабардар ету;
• Маркетингтік және басқа да зерттеулер жүргізу, соның ішінде үшінші тарап мамандарын тарту арқылы.
Пайдаланушы ұсынған жеке ақпаратты өңдеу шарттары
7. Пайдаланушының жеке деректерін өңдеу осы Саясатта көрсетілген мақсаттарға қажетті мерзімде, кез келген заңды тәсілмен жүзеге асырылады, оның ішінде автоматтандырылған құралдарды пайдалана отырып немесе онсыз ақпараттық жүйелерде.
8. Банк Пайдаланушының жеке ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан және басқа да заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
9. Пайдаланушының жеке деректері уәкілетті органдарға немесе басқа тұлғаларға тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша берілуі мүмкін.
10. Тіркеу формасын толтыру арқылы Пайдаланушы:
• Өзі туралы шынайы ақпаратты ұсынатынын растайды, барлық басқа ақпарат Пайдаланушының өз қалауы бойынша беріледі.
• Осы Саясатпен танысқанын және оның шарттарымен келісетінін растайды.
Осы Саясатпен танысу және осы Саясатқа сілтеме астындағы белгіні басу – Пайдаланушының жеке деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге жазбаша келісімі болып табылады.
Қорытынды ережелер
11. Банк осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың жаңа редакциясы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
12. Осы Саясатқа және Пайдаланушы мен Банк арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.