• тауарлар/қызметтер қайтарылған жағдайда;
• Merchant Category Code 6012 «Қаржы институттары – сауда және қызметтер» операциялары бойынша – сауда немесе қаржы институттары көрсететін қызметтер үшін, оның ішінде:
- банк ішіндегі және одан тыс жердегі аударым операциялары;
• Merchant Category Code 4814 «Телекоммуникациялық қызметтер» операциялары – жергілікті және алыс телефон қоңыраулары және факс қызметтері сияқты телекоммуникациялық қызметтер провайдерлері. Телефон карталары сияқты алдын-ала төленген телефон қызметтерін сататын сауда нүктелері және телефон қоңырауларының мерзімді (мысалы, ай сайынғы) көшірмелерін ұсынатын сауда нүктелері. Магниттік таспаны есептейтін телефондарды пайдалану арқылы жергілікті және алыс телефон қоңырауларын қоса алғанда, телекоммуникациялық қызметтер провайдерлері;
• Merchant Category Code 4829 «Ақша аударымдары» операциялары – ақша аударымы жүргізілетін жерден басқа жерге қаражат жеткізу операциялары. Бұл операцияларға жеке емес операциялар кіреді, мысалы, интернет арқылы жүргізілген операциялар;
• «Банктік депозиттік сертификатты тарту жөніндегі агенттік желі» пилоттық жобасы шеңберінде клиент сатып алған банктік депозиттік сертификат мерзімі аяқталған немесе мерзімінен бұрын өтелген жағдайда;
• Мerchant Category Code 4812 «Телефондарды сатуды қоса алғанда, телекоммуникациялық жабдық» операциялары – телефондар, факстар, пейджерлер, ұялы телефондар және телекоммуникацияларға жататын басқа да жабдықтар сияқты телекоммуникациялық жабдықты сататын сауда нүктелері. Телекоммуникациялық уақытты сату үшін MCC 4814 қолданылады;
• Merchant Category Code 4813 «Оператормен сөйлеспестен және кіру кодын пайдаланбай орталық кіру нөмірін пайдалана отырып, жеке жергілікті және алыс телефон қоңырауларын ұсынатын Телеком сауда нүктелері» операциялары – Телекоммуникациялық қызмет провайдерлері, соның ішінде орталық кіру нөмірімен пернелік енгізу арқылы жергілікті және алыс телефон қоңыраулары;
• Merchant Category Code 4815 «МастерФон телефон қызметтері – ай сайынғы телефон шоттарын құрастыру» операциялары – тек МастерКард, МастерФон телефондық қызметтері үшін ай сайынғы телефон шоттары үшін пайдаланылады;
• Мerchant Category Code 4816 «Компьютерлік желі/ақпараттық қызметтер» операциялары – компьютерлік желі, ақпараттық қызмет және электрондық хабарландыру тақтасы, e-mail, немесе интернетке кіру сияқты басқа да жедел қызмет провайдерлері. Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді ұсынатын сауда нүктелері үшін MCC қолданылады, ол ұсынылған өнімді немесе қызметті жақсы сипаттайды. Аудио мәтінді (мысалы, физикалық «жедел желілер») немесе бейне мәтінді (мысалы, ересектерге арналған интернет-сайттар) ұсынатын сауда нүктелері үшін MCC 5967 қолданылады. Компьютерлік бағдарламалау провайдерлері мен деректерді өңдеу қызметтері үшін MCC 7372 қолданылады;
• Мerchant Category Code 4821 «Телеграф қызметтері» операциялары – Телеграф және каблограммалар сияқты тілсіз хабарларды тасымалдау жөніндегі басқа да коммуникациялық қызмет провайдерлері;
• Merchant Category Code 6010 «Қаржы институттары – қолма-қол ақша алу» операциялары – Карточка ұстаушы қолма-қол ақша алу, депозиттік шот ашу, немесе жол чектерін сатып алу, немесе жинақ ақшаны сақтау үшін қаржы институтының мүшесі ретінде Мастер Кард пайдаланатын жеке транзакцияларды анықтау үшін ғана пайдаланылады. Банкоматтар сияқты автоматты құрылғыларда қолма-қол ақшаны алу үшін МСС 6011 пайдаланыңыз. Қаржы институттары болып табылмайтын жерлерде шетелдік валютаны, ақша тапсырыстарын, жол чектерін немесе басқа квази-кэш тауарларын сату үшін МСС 6051 пайдаланылады;
• Merchant Category Code 6011 «Қаржы институттары – қолма-қол ақшаны автоматты түрде алу» операциялары – банкомат түріндегі автоматты құрылғыларда ақша алу үшін осы МСС (қаржы институтының кез келген түрінде) пайдаланады;
• Мerchant Category Code 6050 «Қаржы мекемелері» операциялары - квази-кэш (электрондық ақша);
• Merchant Category Code 6051 «Қаржы емес институттар – шетел валютасы, ақша аударымдары (берілмейтін), жол чектері, квази-кэш» операциялары – ақша чектерін, шетел валютасын, ақша тапсырыстарын Мастер Кард арқылы сатып алу үшін немесе қаржылық емес институттарда депозиттік шот ашу үшін Мастер Кард карточкаларын пайдалану. Осындай квази-кэш құралдарын сатып алу үшін алынатын және транзакциялардың жалпы сомасына енгізілетін кез келген комиссия транзакция аяқталғанға дейін карточка ұстаушыға анық хабарлануы тиіс;
• Merchant Category Code 6211 «Бағалы қағаздар – брокерлер/дилерлер» операциялары – Брокерлік бағалы қағаздарды, тауарларды және жалпы қорларды сататын, сатып алатын сауда нүктелері алатын төлемдер;
• Merchant Category Code 6529 «Қаржы ұйымдары» операциялары – Құнды заттарды банк сейфтерінде, ұяшықтарында және/немесе қоймаларында сақтау қызметтері;
• Merchant Category Code 6530 «Қаржылық емес ұйымдар» операциялары – Құнды заттарды жауапты сақтау қызметтері;
• Merchant Category Code 6531 «Төлем жүйелері» операциялары – Сатып алу есебіне аударымдар;
• Merchant Category Code 6532 «Төлем жүйелері» операциялары – Қаржы ұйымдары - Аударымдар;
• Мerchant Category Code 6534 «Ақша аударымдары» операциялары – Қаржы ұйымдары;
• Мerchant Category Code 6536, 6537, 6538, 6540 «(POI Funding Transactions [Excluding MasterCard® MoneySend™])» операциялары – Ақша аударымдары;
• Merchant Category Code 7995 «Құмар ойындар бойынша транзакциялар» операциялары – ATM арқылы жүргізілген транзакциялардан басқа, казино, ипподром, карточкалық үйлер, авиажелілер және т. б. осы сияқты мекемелерде ставка қою, лотерея билетін сатып алу, қолма-қол ақшаның, тауардың орнына жетондарды (фишкаларды) немесе басқа да құралдарды сатып алуды көздейтін операциялар, құмар ойындарына қатысты қызметтерді қамтитын кез келген операциялар. Acquirers осындай құмар ойындардың барлығын MCC 7995-пен сәйкестендіруі тиіс, осылайша issuers осы мәмілелердің сипатын толық біледі. Acquirers MasterCard нұсқаулығының 3.3.8.4 және 3-3-8.5 бөлімдеріне сәйкес қашықтан құмар ойындары бойынша операцияларды өңдеуі тиіс. Азық-түлік, тұрғын үй немесе көшуге байланысты мекемелерге қатысты төлемдер үшін осы операцияға сәйкес келетін MCC пайдалану қажет;
• Merchant Category Code 8999 «Кәсіби қызметтер – бұрын-соңды жіктелмеген» операциялары – Жоғары мамандандырылған қызметтерді ұсынатын және көбінесе қызметкерлерден жетілдірілген немесе мамандандырылған білімді талап ететін дәстүрлі «кәсіпке» қатысатын саудагерлер. Бұл MCC, егер саудагердің бизнесі басқа MCC арқылы сипатталмаса ғана қолданылуы тиіс. Мұндай саудагерлерге брокерлер, ғылыми-зерттеу фирмалары, қаржылық жоспарлаушылар, графикалық дизайнерлер, сот стенографтары, жылжымайтын мүлікті бағалаушылар, аукциондар жатады;
• Merchant Category Code 9399 «Мемлекеттік қызметтер – бұрын-соңды жіктелмеген» операциялары – Қызметкерлерді басқару, ревизия және ғимаратты басқару қызметтері сияқты жалпы мемлекеттік қолдау қызметтерін ұсынатын саудагерлер (Егер басқа нақты MCC арқылы сипатталмаса). Мысалы, құқықтары мен өкілеттіктері жөніндегі азаматтық комиссиялар, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару бухгалтерлік есеп кеңселері, жалпы қызмет кеңселері, мемлекеттік жеткізу агенттіктері, полиция, өрт сөндірушілер, және автоинспекциялар, ұлттық, мемлекеттік, және қалалық парктер. Мемлекеттік (IGOTS) операциялар ішінде ауыстыру үшін MCC 9405 пайдаланыңыз. Тауарларды немесе қызметтерді сататын саудагерлер үкіметке бизнесті жақсы сипаттайтын жалпы MCC-ті қолдануы тиіс;
• Merchant Category Code 4900 «Коммуналдық қызметтер – электр, газ, санитария, су» операциялары – электр немесе газ энергиясын тікелей қалыптастыру, беру, немесе тарату, сумен жабдықтау жүйесін орнату бойынша қызметтер, немесе қалдықтарды жинау және жою. Телекоммуникациялық қызметтерді ұсынатын сауда нүктелері үшін MCC 4814 қолданылады.