Назар аударыңыз!!!
Бұл карточканы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, материалдық көмек алу үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмағандарды және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақшаны), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарында, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есептеуге арналған тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу үшін төлем жасау мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтарды алу және (немесе) нысаналы жинақтарды төлеу үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген емделу үшін ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу үшін ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтарды төлеу түрінде тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банк шоттарындағы тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі ақша, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелерді орындамау туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банк шоттарындағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есептеуге арналған банктік шоттардағы ақшаны, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы нотариустың депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның осы тұлғаның номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын орындалмаған міндеттемелері бойынша клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушыларының ағымдағы шоттарындағы ақшаны, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен өзіне қатысты төлем қабілеттілігін, соттан тыс немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы-Қазақстан Республикасы азаматының банктік шоттарындағы ақшаны алу үшін қолдануға болмайды.