Home Credit Bank картасын Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе Garmin Pay-ге қосуға болады. Содан кейін сатып алулар үшін NFC функциясы бар смартфонмен немесе сағатпен төлеуге болады.
Картаны қалай белсендіруге болады
Apple Pay
- iPhone-да Wallet қосымшасын ашыңыз
- Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз
- Дебет немесе кредит картасын таңдаңыз
- «Жалғастыру» батырмасын басыңыз
- Карта деректерін қосып, нұсқауларды орындаңыз
- SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз
Төлем жасау үшін бұғаттау батырмасын екі рет басыңыз да, iPhone-ды бұғаттан шығарып, оны терминалға жақындатыңыз.
Samsung Pay
- Samsung смартфонында Samsung Pay қосымшасын ашыңыз
- Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз
- Картаны сканерлеңіз немесе карта деректерін енгізіңіз;
- Қызмет шарттарын қабылдаңыз
- SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз
- Экранға саусақпен немесе стилуспен қол қойыңыз
Samsung Pay баптауларында «Жылдам қол жеткізу» функциясын таңдап, картаны пайдалану опциясын таңдаңыз.
Google Pay
- Android-та «Google Кошелёк» қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз
- «Әмиянға қосу» батырмасын басыңыз
- «Төлем картасын» таңдаңыз
- Карта нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV кодты енгізіңіз
- Деректерді сақтаңыз
- SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз
Карта қосылғаннан кейін кішігірім сома есептен шығарылуы мүмкін — ол автоматты түрде қайта оралады.
Garmin Pay
- Смартфонда Garmin Connect қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз
- Garmin Devices бөліміне өтіп, сағатты таңдаңыз
- «Garmin Pay» батырмасын басыңыз
- Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
Төлем жасау үшін сағатта әмиянды ашып, оны терминалға жақындатыңыз